Әлемдік астық рыногы қатты құрғақшылық пен қомақты запас қорының арасын теңестіріп тұр

АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - Бір жағынан қуаңшылықтың қатері, екінші жағынан - қомақты запас қорын жасап алу, әлемдік астық рыногының дәл қазіргі уақыттағы ахуалын осылай сипаттауға болады. Ресей, Қазақстан және Канаданың астығына ықпал етіп отырған биылғы ауа райының жайсыздығы туралы жаңалықтан кейін бағаның күрт көтерілуіне көңіл аударған батыс рыноктары бағаға бірқатар түзетулер енгізді.

«Америка рыногындағы бидайдың бағасы соңғы екі апта көлемінде шарықтаудың шегіне жетті», - деп айтылған IDK.ru. астық порталында жарияланған талдаулық шолуда. Дүйсенбіде астық тұқымдастардың бағасы батыс рыногында біршама арзандағаны да айтылады.

«Нақты бір сауда әрекеттерін қолданудан бұрын, биржа қызметкерлері астық жинаудың әлемдік ахуалын толығырақ зерттеп алу үшін біраз уақыттың қажет болуы мүмкін», - деп атап өтеді IDK.ru. Дегенмен, әзірге әлем қамбасы астыққа толып тұрғанда, ғаламшардың азық-түлік қауіпсіздігіне ешқандайда қауіп төніп тұрған жоқ, деп айтылған астық порталында.