Билл Гейтстің сөзіне қарағанда, біз өмір сүріп жатқан әлем дұрыс бағытта дамып келеді. Әлемде кедейлер саны жылдар санап төмендеп, балалардың 90%-ы білім алуда. Алайда БАҚ өкілдері жақсы жаңалықтардан гөрі, жаманды көріп, түймедейді түйедей етіп, елді дүрліктіруге, қорқытуға құштар.
«Жаман жаңалық елді елең еткізіп, жақсы істер елеусіз қалып жатыр», - дейді Microsoft компаниясының негізін қалаушы.
Билл Гейтс аталған басылымға берген сұхбатында жақсылықтан үміт үзбейтінін, біздің әлем жақсы істерге толы екендігін баса айтады.