Бұл туралы «ҰҒМО» АҚ балалар кардиохирургиялық бөлімінің басшысы Шухрат Марасулов хабарлады.
«Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан астанасына балалар бейініндегі кардиология және кардиохирургия саласындағы 20-ға жуық маман келеді.
Марасуловтың атап өткеніндей, мұндай деңгейдегі шеберлік сыныптары бұдан бұрын да өткізілген. Ал отаға дейінгі және кейінгі кезеңдері мамандарын толықтай тартумен шеберлік сыныбы алғаш рет өтуде. Команда құрамына Сауд Арабиясы, Иордания, Ресей, Құрама Штаттар, Оңтүстік Африкадан жоғары білікті мамандар келеді. Барлық ота тегін.