деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың дана шешімімен жүзеге асып отырған съезд хатшылығының, Қазақстан Үкіметінің үлкен әрі маңызды рөлін жоғары бағалаймыз. Осындай шаралардың, игі қолдаудың нәтижесінде жағымды атмосфера қалыптасып, біздің әлем елдері мен этностарын толғандыратын проблемаларды талқылауға арналған жұмысымыз жалғасын табуда. Бұл тұрғыда Қазақстан бір‑бірімен жаулықта отырған көптеген халықтар мен мемлекеттер арасына өзінің дінаралық келісім идеясын таратып отыр. Ал Әлемдік дін басшыларының басын қосатын съезд ұлтаралық және конфессияаралық келісім идеясын жүзеге асырудың нағыз жолын айқындап берді», деді ат‑Түрки.