Егер бірыңғай валюта бойынша келісімнің барлық мемлекет-өкілдері бюджетті шоғырландыруға қатысты міндеттемелерін орындап, сондай-ақ өздерінің бәсекеге қабілеттілігін жолға қоятын болса, Еуропалық аймақтағы борыш дағдарысын бір-екі жылда реттеуге болады, деп мәлімдеді ол. Клаус Реглинг бұл пікірін танымал апталық «Der Spiegel» журналына берген сұхбатында білдірді. .
Ол сондай-ақ өзінің қарамағындағы ведомствоның жүктелген міндетті ойдағыдай орындап отырғанына сендірді. «Егер біз болмасақ, Ирландия мен Португалия қазір еуроаймақта болмас та еді», деп пайымдайды Реглинг.