Дейтұрғанмен әлем елдерінің дамыған елдерінің экономикасы 3,5 пайызға дейін төмендейді.
Халықаралық валюта қоры сарапшыларының пікірінше, терең рецессиядан кейін әлемдік экономика өсудің оң көрсеткіштерін көрсете бастады. Оған сұранысты арттыру, қаржы нарықтарындағы жүйелік тәуекелдерді азайту жөніндегі бұрын-соңды жасалмаған үкіметік шаралар сеп болып отыр.
Дегенмен, экономикалық белсенділіктің жандану үрдісі баяу қарқынмен жүреді, дейді сарапшылар. 2010 жылы жаһандық жалпы ішкі өнімнің өсуі 3 пайызға жуықтайды, бұл дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен әдеуір төмен. Нарықтары енді қалыптасып келе жатқан елдердің экономикасы ағымдағы жылы 1,75 пайызға, ал келер жылы - 5 пайызға кеңеюі мүмкін.