Әлемдік қаржы дағдарысы Қырғыз Республикасына игілік пен жетістік әкелді - Қырғыз-Ресей Славян университетінің профессоры

АЛМАТЫ. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Әлемдік қаржы дағдарысы Қырғыз Республикасына игілік пен жетістік әкелді. Бұл бүгін  Алматыда  өткен "Орталық Азиядағы саяси жүйелердің трансформациясы" деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         "Дағдарыс Қырғыз Республикасына игілік пен жетістік әкелді деуге негіз бар. Ол  көршілес Қазақстанның қаржы құрылымы мен бизнесінің Қырғызстанға ықпалын азайтты. Сондай-ақ Қырғызстанның қаржы құрылымын ипотекалық даму мен  дағдарыстан құтқарды", дейді Қырғыз-Ресей Славян университетінің профессоры Аза Мигранян. Оның пайымдауынша, Қырғыз Республикасы үшін  негізгі мәселе - халықаралық донорлық ұйымдар. Олар 2008 жылдың қазан айына дейін үздіксіз көмектесіп отырды. Әлемдік  дағдарыстан кейінгі  қаржылық тапшылықтан соң ғана ел Үкіметі экономиканы сауатты басқарудың  қажет екенін түсінді. Өз билігін сақтап қалу үшін  нақты инвестициялар  іздей бастады.