13:43, 14 Сәуір 2009
Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан Қазақстан шетелден рекордтық деңгейде тікелей инвестиция тарта алды ? ҚР Ұлттық банкінің төрағасы
АЛМАТЫ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 2007 жылы рейтингтік және ақпараттық агенттіктер мен батыс талдаушылары республикада төлем балансы 2008 жылы өте нашар болады деп болжам жасаған болатын.
Алайда, олардың бәрі қателесті. Бұл бүгін ҚР Ұлттық банкі төрағасының Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бізде былтыр шетелдік тікелей инвестиция ағынының да рекордтық көрсеткіші тіркелді. Егер бруттоны алсақ, ол 20 миллиардтай, ал нетто 14,5 миллиард долларды құрады. Бұл жалпы ішкі өнімнің 12 пайызы. Соңғы бірнеше жыл бойы шетелдік тікелей инвестицияда рекордшы болып келген Қытайда оның деңгейі 5,5 пайызды ғана құрады», дейді Григорий Марченко. Жалпы валюталық негізгі көз саналатын экспорттық тауарлардан өткен жылы елге 72 миллиард доллар түсті. 2007 жылы ол 23,6 миллиард долларды құраған. Ресми экспорт құнының 61 пайыздан астамы мұнай мен газ конденсатының, 16 пайызы қара және түсті металлдың үлесінде болды. Ал импорттық тауарлар былтыр алдыңғы жылға қарағанда 15,6 пайызға артып, 38,5 миллиард долларды құрады.