«Әлеуетті немесе қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында тағы бір қызықты аспект бар. Қазақстан үшін тосын болса да, мұндай дағдарыстың оң жағы бар. тіпті оны игілік деп те атауға болады. Неге? Өйткені, жаңа дағдарыс және дамыған елдердің қаржы нарығының күйреуі орын алатын болса, онда ол дамыған елдердің орталық банктерін, бірінші кезекте АҚШ Федералды резервтік жүйесін барынша белсенді қимылдауға мәжбүрлейді. Яғни, мұндай сценарий барысында Федералды резервтік жүйе соңғы бірнеше жыл бойы жүзеге асырып келе жатқан «сандық жұмсарту» деп аталатын монетарлық ынталандыру бағдарламасын тағы қосуына тура келеді деп болжауға болады. Ал бұл ақша мұндай көлемде АҚШ-тың қаржылық жүйесіне түсетін болса, онда оның бір бөлігі алаяқтық арналар арқылы тауар нарығына құйылады. Осылайша, біздің мұнайымыздың баға белгілеуінің жоғарылауына түрткі бола алады», - деді В.Додонов.
Сонымен қатар сарапшы өз сөзінде Қазақстан осы жолғы әлемдегі дағдарыс барысында мұнай бағасының құлдырауы салдарынан ауыр соққысынан өткенін атап өтті.