Актер Қырғызстанға президент Алмазбек Атамбаевтың шақыртуымен келеді. «Таяуда ол өз хатында алғысын білдіре отырып, Көшпенділер ойынының ашылуына қатысатындығын растады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ С. Сигал Айкидо федерациясының өкілдерімен кездесіп, Дүниежүзілік азиялық кино фестиваліне арналған қайырымдылық кешкі асына қатысуды жоспарлауда.
Еске салсақ, Екінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2016 жылғы 3-8 қыркүйек аралығында Ыстықкөлде өтеді.