Астананың 2025 жылға дейінгі даму жоспарының тұжырымдамасын жасауға қатысатын халықаралық компанияларды іріктеу тамыз айының басында жүргізілді.
«Біз бас жоспардың үлгісін толықтай өзгертеміз. «2025» жоспары бекітілді, тұжырымдама байқауы да өткізілді, бес халықаралық топ биылғы жылдың соңына дейін өз ұсыныстарын жасайды. Таңдалып алынған жеңімпаз компания 2018 жылы жоспарын өзі жүзеге асыратын болады», - деді «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС жанындағы урбанистика орталығы басшысының орынбасары Асхат Садуов.