АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан дзюдо құрамасы 20-22 желтоқсан күндері өтетін әлемдік Masters турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, жылдың қорытынды жарысы Израиль елінің Иерусалим қаласында болады.
Masters додасында ел намысын мына спортшылар қорғайды.
Әйелдер:
Әбиба Әбужақынова (48 кг)
Севара Нишанбаева (57 кг)
Кәмила Берліқаш ( 78 кг).
Ерлер:
Елдос Сметов (60 кг)
Бауыржан Нарбаев (60 кг)
Мағжан Шамшадин (60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (66 кг)
Данияр Шамшаев (73 кг)
Жансай Смағұлов (73 кг)
Абылайхан Жұбаназар (81 кг)
Дидар Хамза (90 кг)
Нұрлыхан Шархан (-100 кг).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).