Ғалымдар мұздардың еру салдарынан Әлемдік мұхит деңгейі 11 миллиметрге көтерілгенін айтады.
Бұл ретте полярлық мұздардың еру жылдамдығы одан да жоғары болып отыр. Бәрінен Гренландия мұздары тез еруде, оның артында Антарктиданың батыс бөлігі келе жатыр. Мұз жабынынан бөлектенген мұз бөліктері ірі емес және көптігі сонша, оларды бақылау да қиын болуда. Ғалымдар мұздардың еру жылдамдығы туралы қорытындыларды жерсеріктерінен алған түрлі мәліметтерді салыстыру негізінде жасады.