Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,36 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 62,72 долларға жетті.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айында жеткізілетін фьючерстері 1,41 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 56,55 долларды құрады.
12:40, 18 Қараша 2017
Әлемдік мұнай бағасы артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы айтарлықтай көтеріле түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.