Нью-Йорк биржасында NYMEХ (New York Merchantile Exchange) Light Sweet Crude Oil маркалы американдық жеңіл мұнайға қаңтар фьючерстерiнiң құны барреліне 0,32 долларға өсіп, 84,18 долларға дейін көтерiлдi.
Сауда қорытындысы бойынша IСE (InterContinental Exchange Futures) Лондон биржасында Brent Crude Oil маркалы солтүстіктеңіздік мұнай қоспасына қаңтар фьючерстерiнiң бағасы барреліне 2,59 долларға өсіп, 86,25 долларға дейін жетті.