Әлемдік мұнай бағасы қайта төмендеді

АНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы сейсенбіде, 2011 жылдың 25 қаңтарындағы мұнай өндіруге квоталардың көтерілуі мүмкіндігі туралы ОПЕК жасаған болжамға байланысты қайта төмендеді,

деп хабарлайды РБК.

Сауда қорытындысы бойынша InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,36 долларға төмендеп, барреліне 95,25 долларды құрады.

Нью-Йоркте сауда қорытындысы бойынша New York Mercantile Exchange (NYMEX) жедел тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 1,68 долларға төмендеп, барреліне 86,19 долларды құрады.