Әлемдік мұнай бағасы төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,23 долларға арзандап, бір баррель мұнайдың бағасы 63,61 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың қаңтар айында жеткізілетін фьючерстері 0,12 долларға төмендеп, бір баррельдің бағасы 57,99 доллар болды.