Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,06%-ке төмендеп, бір баррельге 58,12 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қараша айында жеткізілетін фьючерстері 0,06%-ке төмендеп, бір баррель қара алтынның бағасы 52,01 доллар болды.