Әлемдік мұнай бағасының динамикасы анықталған жоқ
12:22, 01 Маусым 2017
АСТАНА.ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауда барысында әлемдік мұнай бағасы әртүрлі бағада сатылуда. Бұл туралы gazeta.ru хабарлайды.
WTI маркілі жеңіл мұнайдың шілдедегі фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,95% арзандап, барреліне 48,78 долларға дейін жетті.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркілі мұнайының шілдедегі фьючерстері 2,95% төмендеп, барреліне 50,31 долларды құрады.