Бейсенбі күнгі соңғы сауда-саттықта осы маркалы мұнай баррелінің құны 104,19 долларға жетіп, күнді 101,83 доллар деңгейінде аяқтады.
29 шілдеде таңғы сағат 09:40-тағы жағдай бойынша эталондық мұнай бағасы 0,45% өсіп, барреліне 102,29 долларды құрады.
WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 97,09 доллар болды.
Бағаның өсуіне жеткізілімнің төмендеуіне және доллар индексінің әлсіреуіне қатысты алаңдаушылық әсер етіп отыр. Нарықта жеткізілім бойынша проблема болатыны байқалмайды, мұнай бағасы өсіп келеді.