деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы. "Бірақ та, бұл мәселе бойынша әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ", - деп мәлім етті журналистерге Кувейттің мұнай министрі Ахмед ас-Сабах.
Министрдің айтуынша, әлемдік нарықта мұнай жетіспеушілігі әзірге сезілмеуде, сондықтан да оның жеткізілімін арттыруға қажеттілік жоқ.
Дегенмен, министрдің мойындауынша, тұтынушылар жағдайдың қазіргідей өрбуіне алаңдаушылық білдіруде. "Бірақ, ағымдағы ахуалды талқылау үшін картелдің төтенше сессиясын шақыру туралы да шешім қабылданған жоқ", - деп мәлім етті Ахмед ас-Сабах.