Рекорд орнату үшін оқушылар мен ересектерден құралған 404 адам танымал физиктің стилінде блейзер киіп, галстук тақты. Сонымен бірге, The Next Einstein байқау-шарасының ұйымдастырушылары әзірлеген ақ түсті жасанды шаш пен мұрт қойды.
Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері қатысушыларды санап шығып, рекордтың орнатылғанын мәлімдеді. Қуанышты хабарды естіген қатысушылар алақайлап, париктерін аспанға лақтырды.