Әлемдік рейтинг: Рыбакина - үштікте, Путинцева - ТОП 50-де

Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина үшінші орнын сақтап қалды.

Әлемдік рейтингіде бұрынғыша Польша өкілі Ига Швентек көш бастаса, белоруссиялық Арина Соболенко екінші орында.

Осы аптада Елена Рыбакина Берлин WTA 500 турнирінде бақ сынайды.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 51-ден 50-сатыға көтерілді.

Жұптық сында Анна Данилина 24-орнында қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Ирандағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев Пуэрто-Рикодағы турнирдің финалына шыға алмады.