Жаңа рейтингте грек-рим күресі бойынша ерлерден алты балуанымыз алдыңғы жиырмалыққа іліксе, қыздарымыздан алты спортшымыз алдыңғы ондықтан көрінді.
Төмендегі көрсеткішке қарап отырып, әлемдік ритингте қыздарымыз жігіттерді басып озғанын анық көруге болады.
Ерлер:
59 кг: Алмат Кебіспаев - 9-орын, Мейрамбек Айнагулов - 16-орын;
66 кг: Демеу Жадыраев - 17-орын;
71 кг: Асхат Жаңбыров - 19-орын;
75 кг: Досжан Картиков - 11-орын;
80 кг: Дәулет Жақсылықов - 20-орын.
Қыздар:
Жұлдыз Эшимова - 6 орын, 48 кг.
Айым Абдильдина - 4 орын, 55 кг.
Аяулым Қасымова - 5 орын, 58 кг.
Екатерина Ларионова - 3 орын, 63 кг.
Эльмира Сыздықова - 4 орын, 69 кг.
Гузель Манюрова - 2 орын, 75 кг.