Әлемдік сот МММ қаржы пирамидасының негізін салушысы Сергей Мавродиді қамауға алды

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Мәскеуде әлемдік сот МММ қаржы пирамидасының негізін салушы Сергей Мавродиді 5 күнге тұтқындады.

Ресей астанасының Хамовническ аудандық сотында хабарлағандай, С. Мавроди 1 мың рубль көлемінде айыппұл төлемей, әкімшілік жазаны орындаудан бас тартқаны үшін қамауға алынды.  Айыппұлдың не үшін салынғалы хабарланбады, деп ақпараттандырды РБК.

 С. Мавроди Ресей тарихында ең ірі қаржы пирамидасын құруымен танымал. Ол тергеуден 8 жыл бойы жасырынып келген, алаяқтық әрекеті үшін істі болған.