Әлемдік тарихта тұңғыш рет Қасиетті Құран алтынмен қашалып шығарылмақ

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Тербизде әлемдік тарихта тұңғыш рет «минакари» әдісін пайдалана отырып Қасиетті Құран алтынмен қашалып шығатын болады.

Бұл жайында Иран энциклопедиясы орталығының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ирандық танымал зергерлер - ағайындылар Парвази бұл жобаның авторлары ретінде  белгілі. Ауқымды және бірегей жобаға көмектесу үшін барша Ираннан ондаған зергерлік істің мамандары шақырылып отыр, деп хабарлайды IribNews.

«Қасиетті Құран 18 метр таза алтынға қашалады. Онда көптеген асыл тастар пайдаланылмақ. Бұл жоба - Ирандағы исламдық өнердің гүлденуінің басы»,-деді жоба авторларының бірі Ахмед Парвази.

 Айта кетейік, ағайынды Парвазилердің зергерлік біртума заттары әлемнің танымал көрмелерінде қойылып келеді.