Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезіне құттықтау хаттары келіп түсуде

None
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада ашылған  Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезіне шет елдердегі діни және халықаралық ұйымдардан құттықтау хаттары келіп түсуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі Хатшылығының басшысы, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, осы уақытқа дейін  Мәскеу Патриархы Кирилл, барлық армяндардың Патриархы мен католикосы ІІ Гаригин, Ислам конференциясы ұйымының Бас хатшысы Экмеледин Иксаноғли, Малайзияның бұрынғы премьер-министрі, 2006 жылғы съездің қатысушысы Мухаммад Мохатхир, БҰҰ-ның Өркениеттер альянсы жөніндегі Бас хатшысы Жоржо Санпайо, Нью-Йорктің Бас раввині Артур Шнайер және тағы басқалар съезд жұмысына сәттілік тілеп, құттықтауларын жолдады.

 «Еліміздің азаматтары мен қоғамдық ұйымдарынан, сондай-ақ шет елдердегі діни және халықаралық ұйымдардың атынан құттықтау хаттары әлі де толассыз  келіп жатыр», - деді Қ. Тоқаев.