Атап айтқанда, Діни лидерлер кеңесінің құрамы бойынша ұсыныстар тыңдалды. «Діни лидерлер кеңесі тұжырымдамасының» жобасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының 2011 жылғы маусымда болған X отырысында қабылданған болатын.
Жұмыс тобының мүшелері съез хатшылығының XI отырысының және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезінің күн тәртіптері бойынша пікір алмасты.
Съезд хатшылығы басшысының орынбасары, еліміздің сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Р.Жошыбаевтың төрағалығымен өткен шараға Қазақстанның Египеттегі елшісі Б.Арын, әлемдегі жетекші діндердің өкілдері қатысты.