Енді олармен тек құқық қорғаушылар ғана емес, қоғамдық ұйымдар да күресулері керек». Бүгін интернет желілеріндегі заңсыз контенттердің таралуы және өскелең ұрпақты зиянды ақпараттардан қорғауға арналған дөңгелек үстел барысында Safekaznet жобасының жетекшісі Александра Чернявская осылай мәлім етті.
«Балалар порнографиясын, өзіне-өзі қол жұмсауды, есірткілерді, ұлтшылдықты, экстремизмді және лаңкестікті насихаттау. Бұлар ғаламтордағы қауіп-қатерлердің азғана ғана тізімі. Қазақстан интернет қауымдастығының деректері бойынша 2013 жылы зиянды 612 хабарлама анықталған. Олардың 52,29% - қудалау, қорлау сипатында болып келсе, 26,63% - нәсілшілдік, ұлтшылдық және ксенофобиялық сипатта, 15,03% - алаяқтық әрекеттер, ал 6,2% - заңсыз контенттер (лаңкестік, өсек-аяң, жеке өмірге қол сұғушылық) болған», - деді А. Чернявская.
Оның айтуынша, әлемдік желіде заңсыз контенттермен күресуге интернет пайдаланушылар да атсалысулары керек.
« Safekaznet-тің телефон нөміріне ғаламторда пайда болған заңсыз сайттар туралы хабарлауға болады. Ал сарапшылар контенттердің мекенжайларын анықтап, ҚР заңнамасына сәйкестіктерін белгілейді. Қажет болған жағдайда аластату үшін тиісті шаралар қолданады» - деді ол.
Safekaznet жобасының жетекшісі айтқандай, 2013 жылы ҚР интернет қауымдастығы Халықаралық INHOPE ұйымымен жұмыс істеу аясында зорлық-зомбылықты, балалар порнографиясын насихаттайтын сайттар туралы 467 хабарлама алған. Кейін бұл сайттар жойылды.