Әлемдік әуе компаниялары Тель-Авивке рейстерді тоқтатады

Израильдің солтүстігіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты Air France, Біріккен Араб Әмірліктерінің Etihad Airways және Грекияның Aegean Airlines әуе компаниялары Тель-Авивке және одан келетін рейстерді тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BILD .

Фото: freepik.com

Бұған дейін тағы 16 әуе компаниясы Израильге рейстерін тоқтатқан болатын. Кейбір авиакомпаниялар рейстерді дүйсенбіге дейін, ал кейбірі келесі ескертуге дейін тоқтататынын жариялады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, неміс әуе компаниясы Lufthansa Тель-Авив пен Тегеранға рейстерді тоқтатуды 2 қыркүйекке дейін ұзартады, ал Бейрутқа рейстер 30 қыркүйекке дейін тоқтатылады.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы тәулікте қақтығыс күшейй түскен. Мәселен, бүгін Израильдің Ливан аумағына шабуыл жасап жатқаны мәлім болды.

Кейін израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, Хезболла Израильдің солтүстігіне 320 зымыран атқылаған.