Биржадағы сауда-саттық мәліметтеріне сәйкес, WTI маркалы мұнайдың бағасы 5,95%-ға төмендеп, барреліне 79,63 доллар болды. Ал Brent маркалы мұнайдың бағасы 5,20%-ға арзандап, 83,36 долларға дейін түсті.
Сонымен қатар Urals мұнайының бағасы аздап қана төмендеп (-0,97%), барреліне 84,56 доллар деңгейінде белгіленді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан, Сауд Арабиясы және Ресей сияқты жеті ОПЕК+ елі 2026 жылдың қыркүйегінен бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті.
Сондай-ақ әлемдік мұнай бағасы өткен жұмада сауда-саттықты 1%-дан астам өсіммен аяқтап, шілде айын наурыздан бергі ең жоғары көрсеткішпен қорытындылады.