Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,44%-ға қымбаттап, барреліне 92,44 доллар болды.
Oilprice.com дерегіне сәйкес, америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,78%-ға өсіп, барреліне 86,68 долларға дейін көтерілді.
Ал ресейлік Urals маркалы мұнай, керісінше, 0,51%-ға арзандап, барреліне 74,60 доллар болды.
Мұнай бағасының өсуіне Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге жасалған шабуылдар мен Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты алаңдаушылық әсер етті. Сонымен қатар АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің бәсеңдеуіне қатысты үміт те нарықтағы ахуалға ықпал етіп отыр.
Еске салсақ, 10 қарашада Brent мұнайы 92 долларға дейін арзандаған еді.