Әлемдік мұнай бағасы тұрақты түрде қымбаттап жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 7 қыркүйектегі жағдай бойынша әлемдік мұнай бағасында өсім бар.

Фото: ParsToday

Brent мұнайының бағасы 0,53% пайызға өсіп, баррелі 96,81 доллар болды. Oilprice мәліметіне сәйкес, WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,61%-ға қымбаттап, баррелі 92,04 доллардан саудаланып жатыр.

Ресейлік Urals мұнайының бағасы барреліне 86,70 доллар деңгейінде тұр. Оның бағасы 2,18%-ға қымбаттады. Кейінгі бір ай ішінде Urals мұнайының бағасы 12,89%-ға, ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,83%-ға өскен.

Еске салайық, Ормуз бұғазы төңірегіндегі шиеленіс әлі де шешілмей тұр. Өткен аптада АҚШ Ирандағы ИРСК нысандарын шабуылдауын бастады.

Кейін АҚШ Иранның мұнай флотына жаңа соққы жасауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ Оңтүстік Корея Ормуз бұғазына әскер жіберуі мүмкін екені белгілі болды.

АҚШ-тың Иранға қарсы теңіз блокадасынан 92 кеменің бағыты өзгерді.