Әлемдік мұнай құны апта соңында құбылды

АЛМАТЫ.KAZINFORM — Жұма күнгі сауда-саттықта әлемдік мұнай бағасы құбылды.

Фото: Kazinform\ЖИ

Oilprice.com сайтының мәліметінше, WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 85,73 долларға дейін қымбаттады. Баға 2,09 долларға немесе 2,50%-ға өскен.

Ал Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,37 долларға немесе 0,38%-ға төмендеп, барреліне 96,20 доллар болды.

Ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы барреліне 75,18 долларға жетті. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 4,03 долларға немесе 5,66%-ға жоғары.

Мұнай бағасына шикізат жеткізілімінің үзілуіне қатысты қауіптер қолдау көрсетіп отыр. Сауд Арабиясының энергетикалық инфрақұрылымына жасалған шабуылдар мен Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдауға төнген қауіптің сақталуы жағдайды одан әрі ушықтырды.

Йемендегі «Ансар Алла» қозғалысы Сауд Арабиясындағы «Рас-Таннура» мұнай өңдеу зауыты мен Король Абдалла атындағы қаржы ауданына соққы жасағанын мәлімдеді.