18 тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,17%-ға қымбаттап, барреліне 91,02 долларға дейін көтерілді. Америкалық WTI мұнайы 0,52%-ға қымбаттап, барреліне 84,94 доллар болды. Сауда-саттық екі марка үшін де үш аптада ішіндегі ең жоғарғы деңгейде аяқталды.
Таяу Шығыстағы шиеленіс нарыққа ықпал етіп отыр және тасымалдаудың тоқтауына қатысты алаңдаушылықты күшейте түседі. Өткен демалыс күндері Израиль Ливанға жаңа соққылар жасап, салдарынан 11 адам қаза тапты. Ал Ормуз бұғазында ADNOC мұнай компаниясының екі кемесі шабуылға ұшырағаны хабарланған еді.
Сонымен қатар Иран Парсы шығанағындағы Харк аралында орналасқан батыс терминалында 25 күндік шектеуден кейін мұнай жөнелтуді қайта жандандырды. Харк аралы — Иран мұнай инфрақұрылымының негізгі орталықтарының бірі. Ондағы терминалдар арқылы ирандық мұнай экспортының шамамен 90%-ы жүзеге асырылады.
Одан бөлек Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз бағдарларының картасы бойынша келісімге келді.