Көмір бағасы соңғы екі айдағы ең төменгі деңгейге түскеннен кейін қайта көтеріле бастады. Бұған энергия ресурстарын жеткізудің тұрақтылығына қатысты алаңдаушылық себеп болған.
Белгісіздік жағдайында бірқатар ел мен энергетикалық компания электр энергиясын өндіру үшін көмірді көбірек пайдаланып жатыр.
Нарыққа сұйытылған табиғи газ бағасы да әсер етіп отыр. Бұған дейін газдың қымбаттауы көмірге сұраныстың артуына ықпал етіп, оның бағасы соңғы бірнеше жылдағы ең жоғары деңгейге жеткен еді.
Бұған дейін Алматыда 2027 жылдан бастап көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отырғаны хабарланған.
Осыған дейін Алматыда көмір бағасын қолдан көтеру немесе нарықтағы бәсекелестікке кедергі келтіру деректері анықталса, тиісті материалдар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне жолданатыны хабарланды.