Әлемдік нарықта мұнай бағасы қымбаттап келеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 31 тамыздағы жағдай бойынша әлемдік мұнай бағасы қымбаттады.

Фото: Pexels

Brent мұнайының бағасы 2,49% пайызға өсіп, баррелі 90,29 доллар болды. Oilprice мәліметіне сәйкес, WTI маркалы мұнай фьючерстері 2,22%-ға қымбаттап, баррелі 85,25 доллардан саудаланып жатыр.

Ресейлік Urals мұнайының бағасы барреліне 77,10 доллар деңгейінде тұр. Оның бағасы 0,77%-ға өсті.

Еске салайық, Ормуз бұғазы төңірегіндегі шиеленіс әлі де шешілмей тұр. Өткен аптада Иран Ормуз бұғазынан өту тәртібін бұзған кемелерді тәркілейтінін мәлімдеді.

Кейін Иран бір аптада Ормуз бұғазы арқылы заңсыз өтпек болған 30 кемені тоқтатқаны белгілі болды.

Бұған дейін 6 айға созылған АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс қалай тығырыққа тірелгенін жазғанбыз.