Әлемдік педагогика жұлдыздары «Әлем мұғалімдері аллеясына» ағаш отырғызды

Астанада «Әлем мұғалімдері аллеясы» ашылды. Бұл – жай ғана талдар шоғыры емес, бүкіл елдердің жетекші әлем педагогтарын біріктірген қоғамдағы ұстаздарға деген құрмет пен ілтипаттың символы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат

Іс-шараны білім саласындағы жаңашыл және Global Teacher Prize 2021 сыйлығының иегері Кейшиа Торп, Innovative Researcher of the Year сыйлығының иегері Ранжит Дисале және TIME журналының 2022 жылғы «Жылдың инновациялық педагогы» Акаш Патель сияқты әлемдік оқытушылар жүргізді.

Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат

Кейшиа Торп өзінің жүрекжарды сөзінде Қазақстан ұстаздарына қолдау көрсетіп, құрметпен қарайтынын білдірді.

«Мұғалімдер күн сайын озат бола отырып, оқушылар үшін жаңашылдық енгізіп, қоғамның болашақ көшбасшыларын дамыту үшін жұмыс істейді. Мұғалімдерсіз, тәрбиешілерсіз бір де бір мамандық болуы мүмкін емес», — деп атап өтті Торп.

Ол оқушылардың, ата-аналардан және үкіметтерден құрметті талап ететін өзгерістердің «қозғалтқышы» және болашақтың «құрлысшысы» ретінде мұғалімдердің маңызды рөлін атап өтті.

Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат

Кейшиа Торп қазақстандық мұғалімдердің күш-жігеріне таңданысын білдірді.

«Соңғы 2 күнде көп мұғалімдермен пікір алмастық және мұндағы мұғалімдердің шәкірттерінің жақсы нәтиже көрсетуіне ықпал ететін тамаша тәжірибелері бар екенін көрдік», — дейді ол. 

Ол жергілікті педагогтарды «болашақ пен жаңа дәуір оқушыларының тәрбиесін» қалыптастырудағы рөлін атап өтіп, «феноменальды жұмысын» жалғастыруға шақырды.

Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат

Өз кезегінде Акаш Пател бейбітшілік пен гуманизмді құрудағы білімнің шешуші рөлін жеткізді.

«Мені қазақ халқының қонақжайлығы, балалардың күлкісі мен ашықтығы таң қалдырады, сондықтан Қазақстан мұғалімдері бейбітшілік пен гуманизм құндылықтарын жалғастыра беруін қалаймын», — деді Акаш Патель.

Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат

Ол Қазақстан мұғалімдерінің көптілділікті және ұрпақ санасына бейбітшілік пен әртүрлілік құндылықтарын енгізуін жоғары бағалады.

Патель қазіргі әлемдегі мұғалімдердің маңызын атап өтіп, оларды «ұлт құрушылар» және гуманистік құндылықтарды тасымалдаушылар деп санайды.

Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат

«Nobel Fest пен Педагогтер саммиті сияқты іс-шараларды ұйымдастыру әртүрлі елдердің ең жақсы мұғалімдерін біріктіріп қана қоймай, ұстаздар рөлінің салмақтылығын көрсетеді және біз жасайтын жұмыс қоғамдар мен ұлттарды өзгертетінін дәлелдеді», — деді ол.

Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат

Ранжит Дисале де қазақ мұғалімдеріне және Нобель фестивалі аясында елімізде ұйымдастырылған шараларға алғысын білдірді.

«Мен Қазақстанда ұстаздық кәсібінің құндылығын және олардың қоғамды дамытуға қосқан үлесін атап көрсететін „Саммит“ сияқты бастамалардың жүзеге асырылып жатқанын шынымен жоғары бағалаймын», — деген Ранжит Дисале балалардың және тұтастай алғанда бүкіл қоғамның дамуын айрықша атап өтті.

Дисале қазақстандық мұғалімдердің атқарып жатқан керемет жұмысы туралы айтып, «балаларды жаңа жетістіктерге жетуге ынталандыруды, жанашырлық танытуды және жақсы адамдарды, жеке тұлғаларды „тәрбиелеуге“ көңіл бөлуді жалғастыратынына» сенім білдірді.

Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат

 

«Әлем мұғалімдері аллеясына» ағаш отырғызу рәсімі бүкіл әлем мұғалімдеріне құрмет пен ілтипаттың символына айналды, бұл олардың жаһандық қоғамдастықтың болашағын қалыптастырудағы еңбегінің маңыздылығы мен құндылығын көрсетеді.