26 жастағы Ақназар Муталипов Қарағанды облысының тумасы. Ол туған жерінде орта және жоғары білім алып, теміржолға жұмысқа тұрған. Өкінішке қарай, жас маман еңбек жолын бастай бергенде қайғылы жағдайға тап болған.
«2018 жылы 5 сәуірде жұмыста түнгі ауысымда пойыз қағып, бір қолым мен бір аяғымнан айырылдым. Жүзуге келсек, бала кезімнен ұнатамын, бірақ кәсіби түрде айналысамын деп ойламадым. Қайғылы жағдайдан кейін, жүзе алам ба деген ой келіп, Балқаш көлінен бастадым. Жүзу қолымнан келген соң, пара спортқа бет бұрдым, кейін бассейнге жазылып, жаттықтырушымен кәсіби түрде айналысуға көштім», - деді Ақназар Муталипов агенттік тілшісіне сұхбат бере отырып.