Әлемдік рейтингіде қазақ боксшыларының тізімі жаңарды

АСТАНА. KAZINFORM – Барлық боксшылардың кәсіби жетістігін саралап отыратын Boxrec.com сайты үздік қазақстандық он спортшының тізімін жаңартты.

Фото: ortalyq.kz

Осыған дейін бұл рейтингіде Мейірім Нұрсұлтанов көш бастап тұрған болса, бұл жолғы жаңартылған тізімде WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) қазақ боксшыларының көшін бастады.

BoxRec рейтингісі бойынша топ-10 қазақстандық былғары қолғап шебері:

1. Жәнібек Әлімханұлы

2. Мейірім Нұрсұлтанов

3. Батыр Жүкембаев

4. Жанқош Тұраров

5. Сергей Липинец

6. Сұлтан Заурбек

7. Бекман Сойлыбаев

8. Бек Нұрмағанбет

9. Әбілхан Аманқұл

10. Жан Кособуцкий.