Наурыз айында Қытайдағы Tencent әлеуметтік желісі елдегі жоғары оқу орындарында «Күйеу көрмесі» ("Husband Exhibition") атты музыкалық іс-шара өткізген болатын. Оның мақсаты - жаңадан шығып жүрген әншілерді көпшілікке таныстырып, өздерінің сүйікті әншілерін «күйеуіміз» деп есептейтін қытайлық жанкүйер қыздармен жүздестіру.
Шара барысында өздерін жігіт ретінде көрсетіп жүрген boys-бендтің мүшелері жанкүйерлеріне қыздар екендіктерін жайып салды.
Топ менеджерінің мәлімдеуінше, бұл ақпараттың белгілі болуы әртістердің танымалдылығына кері әсерін тигізбеген.
Acrush тобының құрамында бес әнші өнер көрсетеді. Олардың барлығының жасы 20-лар шамасында. Олардың әлем бойынша миллиондаған тыңдарманы бар.