Әлемге танымал болған Мегрэ рөлін орындаушы - француз актері Бруно Кремер қайтыс болды

АСТАНА. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгін француз телеарналары танымал актер Бруно Кремердің қайтыс болғанын жариялады. Комиссар Мегрэны ойнаған актер 2010 жылғы тамыздың 7-сінде ұзаққа созылған науқастан кейін көз жұмды, деп хабарлайды РБК. Актердің жасы 81-де болатын.

Өз өмірінде актер 120 фильмде ойнаған екен. Ресей көрермендері үшін ол - комиссар Мегрэ ретінде жақсы таныс. 1991-2005 жылдар арасында ол 54 сериалда ойнап, киносүйер қауымның көңілінен шықты.

Б.Кремер 1929 жылы француздың Сен-Манде қаласында дүниеге келді. Ол өзінің алғашқы рөлін 1952 жылы «Ұзын тіс» фильмінде ойнады. Одан кейін де өзінің тамаша таланты арқасында жұртшылыққа таныс болды.