Шараны «Жас қыран» әскери-патриоттық бірлестіктерінің дамыту орталығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыруда.
«Симпозиумға 20-ға жуық мемлекет-өкіл келеді. Шамамен 200-ге тарта жігіт пен қыз қатысады», - деді Е. Кәтенов.
Оның айтуынша, 8-12 қыркүйек аралығында өтетін аталмыш симпозиум Шығыс пен Батыстың білім және мәденит саласындағы сұхбаттастығын дамытуға және түрлі елдер жастарының арасындағы бейбітшілік пен келісім ынтымақтастығын нығайуға бағытталған. Оның негізгі отырысында ислам мен бейбітшілік, халықтар мен ұлттардың келісімі және скаут қозғалысының рөлі талқыланады.
Е. Кәтеновтің атап көрсеткеніндей, шара аясында үндіс вигвамдарының кейпінде скаут қалашығы салынады. Онда түрлі ұлттар ісмерлері мен зергерлерінің шеберханалары орналаспақ.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, 10 қыркүйекте «Ислам - бейбітшілік діні» атты конференция, 11 қыркүйекте «Бейбітшілік үшін скаутинг рөлі» тақырыбында отырыс өтеді.
Комиссар айтқан ақпарат бойынша, оның жұмысына қатысу үшін Дүниежүзілік скауттық қозғалысы ұйымдарының Бас хатшысы Люк Панисод елордаға ат басын тірейді.
Қазақстандағы скауттық қозғалыс ұйымының мектепке дейінгі тәрбиелеу жұмыстары 1989 жылдан бері жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта скаут қозғалысына 1,5 мыңнан астам бала тартылған.