Әлемнің 8 қаласында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Джакарта, Бангкок, Ұлан-Батыр қалаларында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы жарлық шығарған болатын.