Ол ағымдағы жылы «QSR» ЖШС-нің 20 жылдық франшиздік келісімі бойынша Қазақстан нарығына енген болатын.
«Бургер Кинг® Қазақстанда қазір аса қарқынды дамып келе жатқан жылдам тамақтану мейрамханалары желілерінің бірі болып отыр. Мамыр айының аяғында республика нарығына кіргеннен бері 3 фуд-корт пен 1 мейманхана ашқан болатын. Енді екінші мейрамхана ашылып отыр. Алдағы жылы Астанада 2 мейманхана ашпақпыз. Болашақта мұндай жылдам тамақтану орындары өзге қалаларда да халыққа қызмет көрсете бастайды», - «QSR» ЖШС-нің директоры Гайк Бадалян.
Оның айтуынша, компанияның есептеуінше инвестиция көлемі фуд-корт ашуда 400 мың доларды, мейраманхана ашуда 800 мың долларды құрайды.
Қазіргі таңда Бургер Кинг® гамбургер сататын жылдам тамақтану мейрамханары желісінің көлемі бойынша дүниежүзінде екінші орын алады. Бургер Кинг® мейрамханаларының 90 пайызға жуығы тәуелсіз франчайзерлердің басқаруында. Олардың көпшілігі отабасылық компаниялар. Жалпы бұл мейрамханалар желісінде күн сайын әлемде 11 миллионнан астам адам тамақтанады.