Әлемнің әр бұрышында тіркелген соңғы уақыттағы ірі әуе апаттары

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 наурызда Қызылорда облысында Ми-8 әскери тікұшағының апатқа ұшырауы әдеттегідей қоғамда біршама алаңдаушылық туғызып отыр. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі тікұшақ жаттығу барысында көкке көтерілгенін хабарлады. Борттағы 13 әскери қызметшінің бәрі қаза тапқан.

Авиация ең қауіпсіз қозғалыс құралы десек те, әлемнің әр бұрышында әуе апаттарының орын алып жататыны рас. ҚазАқпарат тілшісі бұл мақалада соңғы уақытта тіркелген әуе апаттары жайлы мәліметтерді ұсынады.

Ми-8 - адам көп сыятын тікұшақтардың бірі

1965 жылы құрала бастаған Ми-8 тікұшағы әлемдегі винтоқанатты әуе көліктерінің ең көп таралған модельдерінің бірі. Әртүрлі модефикация мен түрлі нұсқалары бойынша Ми-8 тікұшағының 12 мыңнан астам бірлігі құрастырылған. Жалпы, бұл әуе көлігі көптеген елдер азаматтық және әскери мақсаттар үшін сатып алатын тікұшақтардың сенімді (бір уақытта үкіметтік салон ретінде өндірілген) түрі болып саналады. Бұл әуе көлігінің көптеп шығарылуы себепті БАҚ-та оған қатысты апат жағдайлары жайлы мәліметтерді жиі кездестіруге болады.

Мысалы, 2018 жылдың ақпан айында Эфиопия Әскери-әуе күштеріне қарасты Ми-8 әскери тікұшағының апаты салдарынан 3 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған еді.

Сол секілді Ми-8 ұшағының апаты 2018 жылдың шілдесінде Тәжікстанда тіркелді. Ол елде альпинистер отырған (көпшілігі Ресей азаматтары) тікұшақ тауға жайсыз қонып, апатқа тап болған. Оқиға салдарынан 3 ресейлік альпинист және 2 экипаж мүшесі қаза тапты. 13 адам аман қалды. Апаттың себебі - қатты жел мен көру-бақылау жағдайының күрделенген кезі екені анықталған.

2018 жылдың тамыз айында Ми-8 Ресей Федерациясының Челябі облысындағы аэродромға қатты қонып, өртеніп кетті. Зардап шеккендер болған жоқ.

Сондай-ақ, 2018 жылдың тамыз айында Ресей Федерациясының Красноярск аумағында мұнайшылар тасымалдайтын Ми-8 ұшағы құлады. Апаттан кейін тікұшақ толығымен өртеніп кеткен болатын. 3 адам мен 15 экипаж мүшесі қаза тапты. Оқиға кезінде тікұшақтың экипажы кінәлі деп танылды.

2018 жылдың қыркүйегінде Ресейдің Иркутск облысында Ми-8 ұшағы апатқа ұшырап, 3 адам көз жұмған болатын.

2018 жылдың қарашасында Ми-8 Ресей Федерациясының Тверь облысында магистральдық газ құбыры үстінен ұшып барып, жерге қатты қонған тікұшақ та қайғылы жағдайға себепкер болды.

2018 жылдың желтоқсан айында Ресей Федерациясының Том облысында Ми-8 тікұшағы жайсыз қонып, жолаушылар жарақат алған еді. Тікұшақтың сәтсіз қонуына шассидің олқылығы себеп болған.

Сондай-ақ, 2018 жылы Ми-2 тікұшағымен апаттар орын алған. Тамызда Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде егістік алқаптарының үстімен ұшып келе жатқан Ми-2 құлап, ұшқыш қаза тапты.

Mи-2 өндірісі 1960-шы жылдардың басында лицензия бойынша Польшада басталған болатын. Осы модельдің өндірісі 1992 жылы аяқталғандықтан, қолданыстағы қазіргі Mи-2 тікұшақтарында заманауи қауіпсіздік жүйелері жоқ.

Тікұшақтардың бәрі де құлайды

Жалпы тікұшақ апаттары әлемнің барлық елдерінде жиі кездесетінін айта кету керек.

Мәселен, 2018 жылдың наурыз айында Ирактағы америкалық тікұшақ «HH-60 Pave Hawk» апатқа ұшыраған. Өткен жылы да осы елде соғысқа қатысы болмаса да, тікұшақтар мен ұшақтардың құлау жағдайлары Америкада жиі кездескен еді.

2018 жылдың шілдесінде Қырғызстанда әскери тікұшақ құлады. Зардап шеккендер жоқ. Экипаж мүшелері және азаматтар жеңіл жарақат алды.

Америка Құрама Штаттарында 2018 жылдың тамызында әскери тікұшақ аэродром аумағында бардың тұрағына апатты сипатта қонуға мәжбүр болды. Қону кезінде әуе көлігінен өрт шыққан. Зардап шеккендер жоқ.

Өткен жылдың қазан айында Ауғанстанда әскери тікұшақ құлаған кезде 25 адам қаза тапты. Одан бұрын ақпан айында шетелдік компанияның тікұшағы өртеніп, 2 адам қайтыс болды.

Өткен жылдың қазан айында Seahawk MH-60 тікұшағы американдық Рональд Рейган флотының әуе кемесінің палубасына құлады. Зардап шеккендер жоқ.

2018 жылдың қарашасында Түрік әуе күштерінің әскери тікұшағы Ыстанбұлда апатқа ұшырап, ішіндегі 4 сарбаз да аман қалмады.

2019 жылдың қаңтарында шеруге дайындық кезде Малидегі әскери тікұшақ апатқа тап болды.

БАҚ-та жарияланған ірі ұшақ апаттары

Әртүрлі елдерде орын алған ұшақ апаттары көпшіліктің назарын бірден өзіне тартады. Себебі, бірінші кезекте, үлкен ұшақтың құлауының салдары, әдетте, адамдардың қазасына әкеледі.

Мысалы, 18 ақпан күні «Тегеран-Ясус» рейсін орындаған Aseman Airlines авиакомпаниясының ATR-72 жолаушылар ұшағы Иранның «Исмаил» провинциясындағы Семир қаласына жақын жерде Дена үстіртіне соқтығысып, апатқа ұшырады. Бортта 66 адаммен бірге экипаж мүшелері болған. Олардың барлығы да қайтыс болды.

Өткен жылдың 11 ақпанында Мәскеуден Орскке ұшатын Ан-148 ұшағы «Домодедово» әуежайынан кеткеннен кейін бірнеше минуттан соң радар экранынан жоғалып кеткен. Ұшақтың қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданы Степановское ауылынан табылды. Бортта 71 адам мен 6 экипаж мүшелері болған еді. Олардың барлығы да қаза тапты.

11 сәуірде Ил-76 әскери-көлік ұшағы Алжирдің солтүстігіндегі Блида провинциясының Буфарик әуежайының маңында апатқа ұшырады. Ол ауыл шаруашылығы алқаптарында құлап, өртеніп кеткен. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ өте төмен биіктікте ұшып бара жатқан кезінде оң қозғалтқышы жанып тұрған. Құлаған Ил-76 ұшағында 247 әскери қызметші мен олардың отбасылары, 10 экипаж мүшесі болған. Қайғылы жағдайдан ешкім де аман қалған жоқ.

12 наурызда Непалдағы Катманду Трибхуван халықаралық әуежайы жанындағы Bangladeshi авиакомпаниясының Дакка-Катманду бағытындағы американдық-Bangla авиакомпаниясының ұшағы құлады. Қону кезінде ол ұшу-қону жолағынан ажырап, әуежайдың шығыс жағындағы футбол алаңына құлаған. Әуе кемесі осыдан кейін өртке оранып, 49 адам қаза тапты.

6 наурызда Сириядағы Хмеимим аэродромында Ресей Қорғаныс министрлігінің «Ан-26» көлік ұшағы апатқа ұшырады. Ұшу-қону жолағынан шамамен 500 метрдей жерде зілзала орын алған болатын. Борттағы 33 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі қайтыс болды.

Авиация - көліктің ең қауіпсіз түрі

Жоғарыда аталған жағдайларға қарамастан, статистика әуе кемелерінен гөрі мотоциклдер мен көліктер ең қауіпті көлік құралдарына жататынын көрсетеді. Автокөлік апаттарынан жыл сайын әлемде 1,2 миллион адам көз жұматын көрінеді.