Әлемнің дәулетті адамдары биржалардағы құлдыраудан 182 млрд. доллар жоғалтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада әлемнің ең бай 400 адамы әлемдік нарықтағы құлдырау салдарынан 182 млрд. долларынан айырылды, деп хабарлайды Bloomberg.

«Bloomberg Billionaires Index»-тің мәліметінше, жалпы алғанда млрд-дің қоры 6,3 пайызға қысқарған. Жұма, 21 тамыз күні ғана тізім өкілдерінің дәулеті 76 млрд. долларға түскен, деп жазады РБК. Бұл төрт жылдың ішінде АҚШ-тың негізгі биржалық индекстері - «Standard & Poor's» 500 «Index» пен «Dow Jones»-тің ірі әлсіреуі жағдайында болды. «182 млрд. доллар үлкен сома болғанымен, ол (миллиардерлер) үшін болмашы ақша», - дейді «Aspiriant» консалтингтік фирмасының директоры Джон Коллинс. «Осындай кезде барлығы шынымен де сұмдық көрінеді, бірақ артқа қадам жасалса, болашақта картина осыншама қорқынышты емес», - деді талдаушы.