«Алда бірнеше үлкен айқастарым бар. Көпшілік менімен өз еркімен жұдырықтасады деп ойламаймын, тек үлкен ақшалар үшін ғана. Джейми Макдоннелл жекпе-жек өткізуге ұсыныс білдірген болатын. Егер жеңсем, мен үшін барлық есіктер ашылады. Оның үстіне, Жақиянов-Барнет жекпе-жегінің жеңімпазы бар. Демек, егер барлығы жоспардағыдай болса, келер жыл мен үшін айтулы оқиғаларға толы болады», - деді Батлер Daily Star-ға берген сұхбатында.
WBA (Super) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдарының тағдыры шешілетін Жақиянов - Барнетт жекпе-жегі 21 қазанда Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өтеді. 1XBET букмекерлік кеңсесі осы жекпе-жекке мынадай коэффициент ұсынып отыр: Барнеттің жеңісіне - 1.4, Жақияновтың жеңісіне - 3.38, тең нәтижеге - 26.