Әлемнің ең ауқатты адамдары бір күнде 11 миллиард доллардан айырылды

АСТАНА. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Ғаламшардың жиырма ең ауқатты адамы бейсенбі күні, 6 наурызда биржа бағамдарының төмендеуі салдарынан 11,3 миллиард доллардан айырылды. Бұл туралы Bloomberg өз есептеріне сүйеніп мәлім етті, деп хабарлады Лента.ру.

Әлемдегі ірі ArcelorMittal құрыш құю компаниясының басшысы  Лакшми Миттал (Lakshmi Mittal) бәрінен де көп зиянға батты. Оның дәулеті 918 миллион долларға азайды.

Berkshire Hathaway инвестициялқ қорының басшысы Уоррен Баффет 407,3 миллион долларымен қоштасты. Оның дәулеті 43,9 миллиард долларға дейін төмендеді.

"Люкс" санатындағы өнімдерді сататын Moet Hennessy Louis Vuitton компаниясының иесі Бернар Арно (Bernard Arnault) және Inditex еуропалық ритерлердегі бақылау бумасының  меншік иесі Амансио Ортега (Amancio Ortega) жалпы алғанда 1,2 миллиард доллар ақшаларынан айырылды

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс 805,4 миллион долларын жоғалтты. Оның дәулеті 61,3 миллиард долларға дейін қысқарды.

Сондай-ақ Ferrero шоколады өндірісінің иесі Мишель Ферреро (Michele Ferrero) мен Las Vegas Sands казиносы операторының басшысы Шелдон Аделсон (Sheldon Adelson). 765,5 миллион долларға кедейленді.

6 наурызда Standard & Poor's 500 индексі 1,5 пайызға төмендеді. Еуропаның сауда алаңдары орташа есеппен 1,8-3,6 пайызға құлдырады. Қор нарығына еуроаймақ статистикасы кері әсер етті, 2011 жылдың төртінші тоқсанында аймақта ІЖӨ 0,3 пайызға қысқарды. Сонымен қатар Грекияның борыштарын қайта құрылымдау жоспары да инвесторлардың онша сенімін туғызып отырған жоқ.

Bloomberg  күн сайын ғаламшардың жиырма ең бақуатты адамдарының дәулетін есептеп отырады. Агенттік рейтингісінде ресейлік және қытайлық кәсіпкерлер жоқ.