Oxfam-ның пайымынша, әлемнің ең кедей санатындағылардың жағдайын түзеу үшін супербайлардың алғашқы жүздігінің өткен жылы тапқан табысының 25 пайызы да жетер еді, деп хабарлайды Би-Би-Си.
Oxfam-ның айтуынша, аталмыш жүздіктің 2012 жылғы табысы 240 миллиард долларды құрады.
Бұл ретте ұйым, халықтың жарлы санатындағылар күніне адам басына шаққанда 1,25 доллар табыс табатындығын атап өтуде.
Давоста келер аптада ашылатын Дүниежүзілік экономикалық форум қарсаңында Oxfam ірі бизнес пен әлемдік көшбасшыларды кедейшілікпен және теңсіздікпен күресу үшін барлық күш-жігерлерді салуға шақырды.
«Теңсіздік құны: айтқысыз дәулеттер мен экстремалдық жоғары табыстар барлығымызға зия тигізіп отырғандығы туралы» тақырыбымен ұсынылған Oxfam баяндамасында атап өтілгендей, ағымдағы жаһандық экономикалық жүйені «ол барлық адамзаттың мүддесіне жұмыс істейтіндей» етіп қайта реформалау қажет.